Тоқаев Дархан Сатыбалдыға нақты міндеттер жүктеді

Sputnik
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.