АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Шымкент ауданаралық сотында әлеуметтік желіде алауыздық тудырған адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлады қалалық сот.
Оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша іс қозғалды.
"2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін сотталушы "неотенгризм" идеяларын ұстана отырып, TikTok-та уағыз айтып, исламға қарсы арандатушылық пікір білдірген", - дейді ведомство.
Айыпталушының кінәсі іс материалдарымен дәлелденген. Прокурор бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот үкімімен ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.