АСТАНА, 7 қаңтар - Sputnik. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95 адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости Қытай орталық телеарнасы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.
"Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Тингри уезіндегі жер сілкінісі 95 адамның өмірін қиды", - делінген материалда.
Бұған дейін 53 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланды. Жер дүмпуінен Шигадзе қаласы қатты зардап шекті. Ол жерде көптеген ғимараттар қирады.
Жойқын жер сілкінісі Непал мен Үндістанда сезілді.
Бүгін таңертең бірнеше афтершок те тіркелді. Біреуінің магнитудасы 4,4 болды.