АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Тибетте жойқын жер сілкінісі кезінде қаза болғандар саны 53-ке, ал зардап шеккендер саны 62 адамға жетті.
Қытайдың сейсмикалық желілер орталығы таратқан мәліметке сәйкес, жерасты дүмпулердің магнитудасы 6,8 болды. Ал эпицентрі Шигадзе қаласына жақын жерде болды, оның күші 7,1-ге жетті.
Тибетте жер сілкінді
© РИА Новости
Қазіргі кезде 53 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар. Әсіресе, Шигадзе қаласы қатты зардап шекті. Ол жерде көптеген ғимараттар қирады.
Жойқын жер сілкінісі Непал мен Үндістанда сезілді.
Бүгін таңертең бірнеше афтершок те тіркелді. Біреуінің магнитудасы 4,4 болды.
Тибетте жер сілкінді
© РИА Новости