Маңғыстауда итбалық неден қырылды: сарапшылар болжам жасады

Ресми мәлімдеме 1 ақпанда жарияланады
Sputnik
АСТАНА, 7 қаңтар - Sputnik. Сарапшылар Маңғыстау облысындағы итбалық нейроинфекция вирусынан қырылды деп болжам жасады, деп жазды Lada.kz.
Микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырмановтың айтуынша, ғылыми орталық зертханасының мамандары молекулалық-генетикалық талдау жүргізіп, ми мен өкпе тінінен жаңа вирустық ауру тапқан.
"Барлық үлгілерде вирус болды. Бұл вирустық нейроинфекция. Жануарлардың миында табылған вирус бұл аурудың жалғыз себебі екенін дәлелдейді", - деді Айдын Қыдырманов.
Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованвң айтуынша, ресми мәлімдеме 1 ақпанда жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр 24 қазанынан бастап Маңғыстауда итбалықтардың өлімі тіркеле бастады. Баутино ауылының маңында 151 итбалық ұшасы жағаға шығарылды.
Каспийде мыңдаған итбалық өлді – шығынның көлемі жарияланды