Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы суды есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісті

Автоматтандырылған суды есепке алу жүйесінің алғашқы он аймағы анықталды
Sputnik
АСТАНА, 7 қаңтар - Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырманы әзірлеуге келісті, деп хабарлады Қазақстан су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің бассейнінде суды автоматтандырылған есепке алу жүйесі орнатылатын 10 учаскені анықтады. Олардың 5-еуі біздің еліміздің аумағында, тағы 5-еуі Өзбекстан аумағында орналасқан.
"Алғашқы 10 учаске анықталды. Жалпы, біз барлық негізгі гидропосттарды автоматтандыруды және су есебінің толық ашықтығын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Біз қырғыз және тәжік әріптестерімізбен белсенді түрде келіссөздер жүргізіп, бұл мәселені ілгерілетіп жатырмыз", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Бүгінгі таңда тараптар халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізуде. Жоба бойынша жалпы техникалық тапсырманы Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) әзірлейді.
Қазақстан мен Өзбекстан интернеттің жаңа технологиясын іске қосты