АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Украинаны соғысқа тартқан майдан емес, олигархия, деп мәлімдеді Беларусь президенті Александр Лукашенко.
"Украинадағы қақтығыс майданнан басталған жоқ. Бәрі әділетсіздіктен басталды, Украинаны тұншықтырған алпауыт клан – олигархия пайда болды. Сол олигархтар елді соғысқа жетеледі. Әлгі Зеленский кедей емес қой. Сондықтан қалтасындағы қыруар ақшаны еңбекпен таппағандар оны мықтап ұстайды. Ондай кезде мемлекет туралы ойламайсың. Сол ақшаны ғана ойлайсың", - деп Белта мемлекеттік агенттігі Лукашенконың сөзінен үзінді келтірді.
Оның айтуынша, Украинадағы барлық президент сондай болған.
"Сондықтан бәрі әділетсіздіктен басталады", - деді Беларусь басшысы.