Көктемгі егін егу науқанына 674 фермер жеңілдетілген кредит алып үлгерді

Барлығы 1337 тауар өндіруші "Аграрлық несие корпорациясына" жүгінген
Sputnik
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Көктемгі егін егу науқанына "Кең дала 2" бағдарламасы арқылы 674 фермер қаржы алып үлгерді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жеңілдетілген кредит беру бойынша өтінім қабылдау 2024 жылдың 29 қарашасында басталды.
Бұл шара фермерлердің қажет тұқымды, тыңайтқышты, өсімдік зиянкестеріне қарсы дәрі-дәрмекті ерте сатып алып, техникаларын жарақтап, егін егу науқанын сапалы жүргізуі үшін қабылданды.
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ "Кең дала 2" бағдарламасы аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие беру жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда жалпы сомасы 153,9 млрд теңгені құрайтын 1337 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі корпорацияға жүгінген. Оның ішіндегі жалпы сомасы 136,2 млрд теңге болатын 1002 фермердің өтінімі қаралуда. Ал 674 фермер көктемгі егін егу науқанына 100,2 млрд теңге несие қаржысын алып үлгерді.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты астықты аймақтардың фермерлері арасында белсенділік жоғары екені байқалуда.
300-ге жуық фермер 5 проценттік кредит алды – министрлік