АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Алматының апелляциялық алқасынан үкімді өзгертуді сұрады, алайда апелляция қанағаттандырылмады.
2024 жылдың тамызында ол озбырлық, бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптарымен айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның сыбайласы Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Гүлмира Сатыбалды алдымен 2023 жылдың мамыр айында бизнесті тартып алу және адам ұрлау бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.