АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Ұлытау облысында кеше кешке жол апатынан 3 адам көз жұмды.
Қызылорда-Павлодар тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Соққының күшті болғаны сонша, көліктердің бірі жолдан шығып, жыраға құлап кеткен. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Патриот телеграм каналы.
"Екі көліктің соқтығысқанын және үш адамның көз жұмғанын растаймыз. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында апаттың мән-жайы мен себебін анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп түсініктеме берді Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция тергеудің құпиялылығын алға тартып, басқа мәлімет бермеді.