АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында 60-қа жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
"Заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факт, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін 52 құқық бұзушылық анықталды. 6 лауазымды тұлға, оның ішінде департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді қалалық прокуратура.
Атап айтқанда шағымдар бойынша шешім қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық берілген. Бір көзден шарт жасасуда негізсіз келісімдер жасалған.
Аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша шаралар қабылданбаған.