АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ 2024 жылы қайырымдылыққа 45 млрд теңге бөлді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Оның 30 миллиарды еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына берілді.
"Бұдан бөлек, "Қазақстан халқына" қорына 50 млрд теңге аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Денсаулық сақтау министрлігі мен "Самұрық-Қазына" АҚ-ның арасында шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жыл сайын "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы" әлеуметтік жобасы іске асырылып келеді. Биыл медициналық пойыз мамандары 60 мыңға жуық тұрғынды, оның ішінде 14 мыңнан астам баланы қарап-тексерді.