Лукашенко ЕАЭО басшыларына үндеу жолдады

Sputnik
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экомикалық одаққа мүше елдердің басшыларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1 қаңтардан бастап Беларусь ЕАЭО-дағы төрағалығына кірісті. Лукашенконың айтуынша, 2025 жылда еуразиялық экономикалық интеграцияның стратегиялық бағыттарын іске асыру бесжылдығы аяқталып, 20245 жылға дейінгі "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын орындауға негіз қаланып отыр. Осы орайда одақтың биылғы төрағасы 9 бағытқа басымдық беру қажет деп санайды. Олар:
1.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің технологиялық әлеуетін дамытуға бірлесіп күш салу;
2.
Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін тұқым шаруашылығы мен селекцияны дамыту, асыл тұқымды мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін көтеру;
3.
Бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруды аяқтау, әсіресе, әуе тасымалы саласында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;
4.
ЕАЭО-да барлығына бірдей энергетикалық нарықтарды құру жұмысын аяқтау;
5.
Ішкі нарықты қорғау мақсатында кеден-тарифтік реттеу саясатын жетілдіру;
6.
Цифрлық трансформация саласында өзара байланыстарды күшейту;
7.
Одақта шығарылатын тауарларды шетел нарықтарына шығару үшін жан-жақты жағдай жасау;
8.
Әлеуметтік-гуманитарлық салалаларды интеграцияны күшейту;
9.
Деструктивті ресурстарға қарсы тиімді шараларды қабылдау.
Лукашенко мемлекеттік сатып алу жүйелерінің тиімділігін арттыру үшін электронды цифрлық қолтаңбаларды өзара тану мәселесін түбегейлі шешу қажет деп санайды.
"Ал электронды сауданың кеңінен қолданылуына байланысты одақта маркетплейстердің қызметін бөлек реттеу қажеттігі туындап отыр. Біз ЕАЭО мүше мемлекеттер, электронды сауда алаңдары, сатушылар мен тұтынушылардың мүддесі үшін оңтайлы модельді табуымыз керек", - деді Беларусь басшысы өз үндеуінде.