Алматыда кейінгі екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн доллар тартылды

Sputnik
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Кейінгі екі жылда Алматыда IT-экожүйені дамытуға 19,2 миллион доллар (9,9 миллиард теңге) тартылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл инвестиция стартаптарды қолдауға және ақылды қалалар, жасанды интеллект пен үлкен деректер сияқты негізгі технологияларды дамытуға бағытталды.
"Жоба аясында MOST шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Стартаптардың жиынтық табысы 5,37 миллиард теңгеге жетіп, 2 049 жаңа жұмыс орны құрылды", - деп жазылған хабарламада.
309 стартап акселерация және инкубация бағдарламасын аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарыққа шықты
Сонымен қатар жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 жеке венчурлық ивестор оқытылды. Smart City бағдарламасы бойынша 55 маман дайындықтан өтті.