Жолда қалған адамдар Щучьедегі жылу орталықтарына орналастырылды

Sputnik
АСТАНА, 4 қаңтар - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 95 азамат Щучье қаласындағы жылу орталықтарына орналастырылды, деп хабарлайды Бурабай ауданының әкімдігі.
Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін 18-232 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
"Азаматтық қорғау қызметкерлерімен бірге ауа райының қолайсыздығына байланысты межелі жерінен тыс қалған 95 азамат, оның ішінде 39 бала Щучье қаласындағы жылу орталықтарына орналастырылды", - деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін "Астана-Щучье" тас жолында жаппай көлік апаты болған еді. Құтқарушылар 63 ересекті және 8 баланы эвакуациялады. Жолда қалған 100-ге жуық адам Щучьедегі жылу орталықтарына орналастырылған болатын.
Жолдардың жабылуына байланысты 200 жолаушы пойызбен тасымалданады