Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Жаңа жыл мерекесінде Қазақстанда 63 адам пиротехникадан зардап шекті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"63 адамның 20-сы бала. Зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық емдеуде", - дейді ведомстводан.
Зардап шеккендердің басым көпшілігі - алматылықтар, яғни 19 адам.
Жамбыл облысында - 11 адам, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам, Ақтөбе облысында-2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шеккен.
"Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір науқас ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауыр, тұрақты, стационарда ем қабылдауда", - делінген хабарламада.
Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.
Талдықорғанда тұрғын үйде газ жарылып, 7 адам зардап шекті