АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Полиция қызметкерлері бір тәулікте 3710 көлікті қап құрсауынан шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қаңтарда cегіз облыстағы 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.
"Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында жолдар жабылды. Тәулік ішінде полиция 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі бар", - дейді ведомстводан.
Ал 4 қаңтарда полиция Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде 1 200-ден астам көлік құралын ертіп жүрді. Қазіргі уақытта да ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.