ТЖМ мамандары екі күнде 182 адамды құтқарды

Жаңа жыл күндері қазақстандық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеді
Sputnik
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар мамандары екі күнде 400-ге жуық шақыртуға барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жаңа жыл күндері қазақстандық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеді.

"Өткен екі тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 396 шақыртуға барды, оның 195-і өрт оқиғасы. Ал 201-і іздестіру, апатты-құтқару және басқа да жұмыстар. Бұл ретте 182 адам, оның ішінде 57 бала құтқарылды және эвакуацияланды", - дейді ведомстводағылар.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
"Сондай-ақ дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауды ескертеміз. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүрмеуге кеңес береміз", - дейді құтқарушылар.
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды