Қарағанды облысында 800 көлік қар құрсауында қалды

Жиналған көліктерді қар құрсауынан алып шығу үшін тез арада қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылады
Sputnik
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды тас жолында ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік тұрып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлап, "Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар" жолдары жабылды. Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолында жағдай күрделі.

"Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған. Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - дейді ведомстводағылар.

Жиналған көліктерді қар құрсауынан алып шығу үшін тез арада қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылады, дейді полиция.
Қарағанды облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттілік болмаса жолға шықпауды ескертті.
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды