Қостанай облысында жоғалып кеткен малшы табылды

1974 жылы туған ер адам қатты боранда адасып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жангелді ауданы Шұбалаң ауылынан 1974 жылы туған ер адам мал бағуға шығып, қайтып оралмаған. Оны уайымдаған туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.
"Малшы ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Ол қатты боранда адасып кеткен екен", - деп жазылған хабарламада.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
Мал іздеуге шыққан: Қызылорда облысында жоғалған бала табылды