Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны тоққа түсіп көз жұмды

Қосалқы станцияда тұйықталу салдарынан өрт шықты
Sputnik
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында қосалқы станцияға кірген ер адамды тоқ соқты. Ауыл тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Ал қосалқы станция отқа оранды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан "Мой Город" порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға К. Нокин ауылында 31 желтоқсан күні болған. Жаңа жылға бірнеше сағат қалғанда жарық өшіп қалған. Ауыл тұрғыны тоқты тексеруге қосалқы станцияға барған.
Ер адам станцияның ішіне кірген. Сол кезде тоқ соққан. Ол оқиға орнында көз жұмды. Қосалқы станцияда тұйықталу салдарынан өрт шықты.
Қайтыс болған ер адам 38 жаста болған. Облыстық полиция департаменті адам өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.