Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина арқылы Еуропаға газ жіберуді тоқтатты

Sputnik
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Ресейдің "Газпром" компаниясы жаңа жылдан бастап Украина арқылы газ транзитінің тоқтатылғанын мәлімдеді.
Бүгін Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де 2019 жылы 30 желтоқсанда рәсімделген келісімнің мерзімі аяқталды. Ол кезде "Газпром" мен "Украинаның Нафтогазы" ресейлік газды тасымалдау шараларын ұймдастыруға келіскен болатын.

"Украина тарапы осы келісімдерді ұзартудан ашық бас тартты. Осыған байланысты "Газпром" 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Украина жері арқылы транзитке арналған газды жіберуге техникалық және заңды мүмкіндіктен айырылып отыр", - делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты бірінші қаңтардан бастап Украина арқылы Еуропаға газ транзиті тоқтатылды.
Қазақстан үкіметі мен "Газпром" Қарашығанақ бойынша келісім жасады