АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеев полицейлерге жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осылайша, полиция басқармасының автопаркі 77 жаңа көлікпен толықты.
"Полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, көлік паркін жаңарту полиция қызметінің тиімділігін арттырады. Қолдау көрсеткен облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз", - деді полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев.
ПД басшысы қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін мереке күндері қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшуді тапсырды.