АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда шамамен 60 мың адам Жаңа жыл мерекесін пойызда қарсы алады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" компаниясы.
31 желтоқсанда Жаңа жылды пойызда қарсы алуға шешім қабылдаған жолаушылардың басым бөлігі бес бағытта жолға шығады. Олар: Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей.
Алпыс мыңға жуық адам Жаңа жылды пойызда қарсы алады
© Photo : пресс-служба АО "Казахстан темир жолы"
Бұдан бөлек, пойыздарда 1 774 жолсерік пен 73 пойыз басшылары жұмыс істейді. Жолаушыларға 115 пойыз бригадасы қызмет көрсетеді. Ал республика бойынша барлық вокзалда 47 кассир жұмыс істейтін болады.
"Мәселен, жолсеріктердің ішінде Жаңа жыл мерекесін жыл сайын пойызда қарсы алатын адамдар да бар. Түнгі сағат 12:00-де олар дәстүр бойынша жақын туыстарына қоңырау шалып, мерекемен құттықтайды. Осылайша, темір жол мамандары жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін бар күш-жігерін салып отыр. Сонда әрбір адам діттеген жеріне жетіп, мейрамды отбасымен қарсы алады", - дейді компания мамандары.