Қазақстанда қай облыстың тұрғындары тамаққа аз ақша жұмсайды

Қазақстандықтар тамаққа кететін ақшаның үштен бір бөлігін етке жұмсайды
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда халықтың азық-түлікке шығаратын шығындары артып келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл үшінші тоқсанда әрбір қазақстандық орташа есеппен бір айда азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға 135,2 мың теңге жұмсаған. Бұл өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 6,7 процентке артық. Өңірлердің ішінде тамаққа көп ақша шығаратын тұрғындар:
Алматы қаласыда – 186,7 мың теңге;
Астана – 160,4 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысы – 150,6 мың теңге.
Ал тамаққа аз ақша жұмсайтын өңірлердің үштігіне Қызылорда мен Түркістан облыстары, сондай-ақ, Шымкент қаласы енді. Ол жақта бір адам тамаққа шамамен 104,6 мың теңге шығарады.
Қазақстандықтар тамаққа кететін ақшаның үштен бір бөлігін етке жұмсайды. Бір адамға шамамен 44,4 мың теңге кетеді.
Басқа тауарлар:
нан мен жарма өнімдері— 20,5 мың теңге;
сүт өнімдері — 14,6 мың теңге;
көкөніс — 12,5 мың теңге;
қант мен кондитерлік өнімдер — 9,7 мың теңге.
Он жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі баяулады