Qazaq Air вьетнамдықтарға сатылды: "Самұрық-Қазына" келісімге қол қойылғанын хабарлады

Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "Qazaq Air" АҚ акцияларын вьетнамдық Sovico тобына кіретін инвесторлар консорциумына сату туралы хабарлады.
"Самұрық-Қазына" АҚ ұлттық әл-ауқаттың егеменді қоры және "Central Asia Aviation Holdings Limited" ЖК және "Kazasia Holdings Limited" ЖК құрамындағы консорциум арасында бәсекелес ортаға беру шеңберінде міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, оның ішінде сатып алу-сату шартына қол қойылды", - делінген хабарламада
Акциялар тараптар келісілген барлық алғышарттар орындалғаннан кейін инвесторлардың меншігіне өтеді, деп хабарлайды ұлттық холдингтің баспасөз қызметі.
Алдағы бірнеше жылда Qazaq Air авиапаркі 20 Boeing 737 Max 8 немесе Airbus A321 ұшағымен толығады деп күтілуде.
Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтатты