АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Каспий теңізі аймағында жер сілкінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан геофизикалық зерттеулер институтының ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.
Теңіз түбіндегі жер сілкінісі 30 желтоқсанға қараған түні сағат 01:14-те тіркелді.
"Эпицентрдің координаттары: 41.54 градус солтүстік ендік, 49.98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4. Энергетикалық класс К=10.9. Тереңдігі h=11 шақырым", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, 30 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан 336 шақырым жерде жер сілкінді. Эпицентрі Қытайда болды. Ал Қазақстанда жер сілкінісі сезілген жоқ.