Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

1 қаңтарда жолаушылар тасымалдауға жылжымалы құрамның 50%-ы шығады
Sputnik
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады.
1 қаңтарда жолаушылар тасымалдауға жылжымалы құрамның 50%-ы шығады.
2–4 қаңтар күндері қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
№12 маршрут (Алматы-2 теміржол вокзалы – "Медеу" мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес, жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
№3 түнгі маршрут өзгермейді.
Алматы қаласы метрополитенінің жұмысы демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20–дан 00:00–ге дейін 12-15 минуттық қозғалыс аралығымен ұйымдастырылады.