АСТАНА, 28 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысының Шу қаласында пішен астынан 100 келі кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жұмысшылардың бірі уақытша тұрған шаруа қожалығының аумағында жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде анықталды.
"Жауап алу кезінде ол есірткі заты осыған дейін Қарағандыда аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтады және тасымалдады деген күдікпен ұсталған шаруа қожалығының иесіне тиесілі екенін түсіндірді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің өкілі Медет Смағұлов.