Қарағанды ​​облысында бұзылған автобустың жолаушылары құтқарылды

Тас жолда ақау салдарынан автобус жүрмей қалған
Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды ​​облысында құтқарушылар 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"112 пультіне техникалық ақауға байланысты Қарағанды ​​облысы Шет ауданынан бірнеше шақырым жерде автобус тоқтап қалғаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар дереу жетіп, автобустан Қазақстан мен Өзбекстанның 40 азаматы бар екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, барлығын Ақсу-Аюлы ауылына жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды