Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Байден Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін жіберуді жоспарлап отыр – БАҚ

Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға 1,25 миллиард долларлық жаңа әскери көмек пакетін қазіргі мемлекет басшысы қаңтарда қызметінен кеткенге дейін жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлады AP аты аталмаған шенеуніктерге сілтеме жасап.
Көмек пакетіне NASAMS және HAWK әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, Stinger зымырандары, сондай-ақ 155 және 105 мм артиллериялық снарядтар кіреді, дейді дереккөздер.
Көмек туралы ресми мәлімдеме 30 желтоқсанда жарияланады деп күтілуде. Аты-жөнін атамауды сұраған шенеуніктер қазіргі әкімшіліктің мақсаты Байденнің президенттік мерзімі 2025 жылдың 20 қаңтарында аяқталғанға дейін Киевке мүмкіндігінше көбірек әскери көмек жіберу екенін атап өтті.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.