АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Астанада Жаңа жыл мерекесіне байланысты полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Осыған орай, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан №5573 әскери бөлімінің аумағында жалпы гарнизондық полиция жеке құрамын бөлу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшыларының жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тексерді", - деп жазылған хабарламада.
Мереке күндері қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында адам көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қызмет көрсету бағыттары күшейтілді.