Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бразилиядан мамандар келді

Олар ұшақ апатының себебін анықтауға көмектеседі
Sputnik
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ақтауға Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері ұшып келді, деп хабарлады Көлік министрлігі.
"28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері және мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері ұшып келді", - деп жазылған хабарламада.
Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды.
Ақтауға Бразилиядан мамандар келді
Бұған дейін Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін объективті тексеруді тапсырған болатын. Сондай-ақ ол апаттың салдарын жоюға атсалысқан дәрігерлер мен құтқарушыларды мемлекеттік наградаларға ұсыну керектігін атап өтті.
1 / 3

Ақтауға Бразилиядан мамандар келді

2 / 3

Ақтауға Бразилиядан мамандар келді

3 / 3

Ақтауға Бразилиядан мамандар келді

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды.
38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.