АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы 1400 шақырымнан астам теміржол жөнделді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"Жөндеу жұмыстары кезінде 1407 км теміржол төсемі жаңартылса, оның 570 км күрделі жөндеуден өтті", - деп жазылған хабарламада.
Компания 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жолды жөндеу бойынша жол картасын іске асырады. Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнен 2800 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды.
Жолды жыл сайынғы жөндеу теміржол инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз етуге және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде жылдамдықты арттыруға мүмкіндік береді.
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тасымалдарға өсіп келе жатқан қажеттіліктерді өтейді және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.