АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та билікке Дональд Трамп әкімшілігінің келуіне байланысты Ресей Федерациясы Украина дағдарысын оңай шешуге болады деп ойламайды. Бқл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров “Россия 1” телеарнасының “60 минут” бағдарламасында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
“Украина дағдарысын оңай шешілетініне қатысты ешқандай иллюзия жоқ, оңай болмайтынын білеміз. Қақтығысты Еуропадағы сенімді қауіпсіздік пен тұрақтылық туралы келісім арқылы, яғни Ресей және басқа елдердің заңды мүдделерін ескеретін келісім жағдайында ғана шешуге болады”, - деді ол.
Ресейлік министрдің айтуынша, “барлығы кейбір өзгерістерді Дональд Трамп әкімшілігінің келуімен байланыстырады”. Дегенмен, Лавров Ресей Федерациясының бұл тұрғыда ешбір жөнсіз үміті жоқ екенін баса айтты. Себебі, Вашингтонда Киевті қолдау мәселесінде екі жақты консенсус бар.