271 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды

Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды
Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 271 қазақстандық халықаралық "Болашақ" стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді", - делінген Халықаралық бағдарламалар орталығының хабарламасында.
Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды. Грант жеңімпаздарының толық тізімін мына жерден көруге болады.