АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтау маңында құлаған ұщақ апатынан зардап шеккен 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті.