Тоқаев ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Іс-шараға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.
Путин ТМД басшыларын Жеңістің 80 жылдығын тойлауға шақырды