АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысы "Оңтүстік шахта құрылыс" ЖШС жұмысшыларына жалақы төленбей келген.
Хромтау аудандық прокуратурасы 156 жұмысшыға 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегін анықтады. Прокуратураның араласуынан кейін жалақы қарызы толығымен өтелді.
Сондай-ақ Шалқар аудандық прокуратурасы "Ұлы Борсық" КМК-нің 519 қызметкеріне 48 млн теңгеден астам жалақы қарыз екені анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.