Ақтаудағы ұшақ апаты: тірі қалғандар бар

Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар бар, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
"Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті. Жеткен кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда, тірі қалғандар бар деген болжам бар", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Ақтау маңында ұшақ құлады