АЛМАТЫ, 24 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Ол қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.
Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.