АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында көлік жүргізушілері үшін белгілі бір аумақта жол қозғалысы шектелді.
"2024 жылдың 24 желтоқсанында сағат 10:00-де Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінін алдын алу жұмыстарына байланысты "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатон-Қарағай – Рахман қайнары" автожолының учаскесінде, 46-66 км (Северное – Серебрянск кентінің учаскесі) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеулер енгізіледі", – деп хабарлады компаниядағылар.
Жол қозғалысы жоспар бойынша 2024 жылдың 24 желтоқсанында сағат 14:00-де ашылуы мүмкін.
Еске салайық, 1403 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы тәуліктің кез келген уақытында қосымша ақпаратты алуға болады.