АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Швейцария Еуроодақтың Ресей мен Беларусьқа қарсы 15-ші санкцияларының кеңейтілген тізіміне қосылды. Бұл туралы елдің Федералдық кеңесінің сайтында жарияланған мәлімдемеде көрсетілген, деп хабарлады РИА Новости.
"Экономика, білім және зерттеулер федералды департаменті (DEFR) Ресей мен Беларуське қарсы санкциялар тізімін кеңейтті. Осылайша, Швейцария ЕО қабылдаған түзетулерді қабылдады. Бұл өзгерістер 2024 жылдың 24 желтоқсанында күшіне енеді", - делінген құжатта.
Осылайша, Швейцария активтерді шектеуге және Швейцарияға кіруге немесе транзитке тыйым салуға 54 жаңа жеке тұлға мен 30 жаңа ресейлік компания мен ұйымды қосты. Санкцияға ұшыраған 30 жаңа компания мен ұйымның ішінде негізінен ресейлік қару-жарақ компаниялары, сондай-ақ Ресейден шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын жүк тасымалдау компаниялары бар екені нақтыланды.
"Сонымен қатар, 52 жаңа кемеге теңіз қызметтерін пайдалануға кедергі келтіретін ауқымды тыйымдар бар. Бұл ең алдымен ресейлік көмірсутектерді немесе мұнай өнімдерін тасымалдайтын, мұнай бағасының шекті деңгейін сақтамайтын немесе Ресейге әскери жүктерді тасымалдайтын танкерлер", - делінген хабарламада.
Сауда саласында 32 жаңа кәсіпорын да қатаң экспорттық шектеуге ұшырады, деп хабарлады елдің Федералдық кеңесі.
DEFR сондай-ақ "қалыптасқан жағдайға байланысты" Беларуське қарсы санкциялар режимінің бөлігі ретінде ЕО қабылдаған жеке қаржылық санкцияларға қосылып, санкциялар тізіміне 26 жаңа тұлға мен екі жаңа беларусь ұйымын қосты.
Сондықтан енді Еуроодақ пен Швейцарияның Ресей мен Беларусьқа қарсы санкциялық тізімдері қазір бірдей.