Риддер жылу электр орталығында зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Риддер ЖЭО
Зардап шеккендер Риддер мен Өскемендегі ауруханаларда жатыр
Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер ЖЭО кәсіпорнындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен алты адам травматология бөлімінде жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда Риддердегі жылу электр орталығында апат болды. Жөндеу және дәнекерлеу жұмыстары кезінде көмір жіберетін көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан алты адам зардап шекті.
"Риддер ауруханасында жатқан зардап шеккендер жансақтау бөлімінен жалпы палатаға, травматология бөліміне ауыстырылды. Өскеменде жатқан зардап шеккендер де травматология бөліміне жеткізілді. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Жағдайлары орташа ауырлықта, жақсаруға қарай өзгеріс бар", - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Риддердегі ЖЭО символы
Риддер ЖЭО-дағы апат: зардап шеккендерге Өскемен дәрігерлері көмек көрсетті