Черчесовтың қызметінен кететіні туралы ақпарат өтірік болып шықты

Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кететіні туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып жатыр, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді", - деп жазылған федерацияның хабарламасында.
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырды.
Еске сала кетейік, кеше кейбір бұқаралық ақпарат құралдары 20 желтоқсанда Футбол федерациясының президенті болып сайланған Марат Омаров Станислав Черчесовты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын жазған болатын.
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болды