20 жастағы үнді сұлуы Рейчел Гупта сұлулығымен 68 қарсыласын айналып өтіп, "Гранд Интернешнл ару-2024" тәжін жеңіп алды. Үндістан бұл атақты бұрын-соңды алған емес.
Дания аруы Виктория Кьер Тейлвиг 2024 жылы 73-ші жыл сайынғы "Дүниежүзі аруы" байқауында жеңіп шықты. Ол әлемнің басқа елдерінен қатысқан 125 бәсекелесінен басым түсті. Виктория - биші, Еуропа және әлем чемпионы.
Америка армиясының офицері және мигранттың қызы Альма Купер 2024 жылы "АҚШ аруы" байқауында жеңіске жетті. Купер бұған дейін АҚШ-тың "Мичиган аруы-2024" атағына ие болған және Мичиганнан "АҚШ аруы" атағын алған төртінші әйел.
Нада Кусса - "Ливан аруы - 2024" байқауының жеңімпазы. Нада Кусса Ливанның атынан "Дүниежүзі аруы - 2024" байқауында өнер көрсетті.
Беларусь Наталья Дорошко "Дүниежүзі ханымы - 2024" байқауында жеңіске жетті. Халықаралық байқау қазан айында Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. Финалға Азия-Тынық мұхиты, Еуропа, АҚШ және посткеңестік кеңістіктегі әйелдер қатысты.
"Интернешнл аруы - 2024" байқауының тәжі вьетнамдық Хюинь Тхи Тхань Тхуиға берілді. 22 жастағы Хюинь Тхи Тхань Тхуи ұзақ уақыт бойы өзіне көңілі толмағаннан қиналғанын және жылағанын мойындады. Енді ол әлемдегі ең әдемі қыздардың бірі!
Челси Манало - филиппиндік модель және "Дүниежүзі аруы Филиппин - 2024" сұлулық байқауының жеңімпазы. Ұлттық байқауда жеңіске жеткен алғашқы африкалық филиппин ретінде Манало Филиппиннің атынан "Дүниежүзі аруы - 2024" байқауында өнер көрсетті. Онда ол үздік 30 жартылай финалистің қатарына кірді және Азияның бірінші континентальды патшайымы атанды.
Кетут Пермата Джулиастрид Сари - Индонезияның сұлулық байқауында "Космо аруы - 2024" атағының иегері. Ол бұған дейін "Индонезия Туризм ханшайымы - 2024" атағын жеңіп алған.
Джессика Лэйн - австралиялық модель және сұлулық ханшайымы, ол 2024 жылдың 9 қарашасында Филиппинде "Жер аруы - 2024" атанды.
"Жер аруы 2024" байқауын жеңіп алғаннан кейін оның елі "Үлкен төрттік" сұлулық байқауының әрқайсысында кем дегенде бір титулды жеңіп алған алтыншы ел болды. Жалпы "Жер аруы" байқауында Австралия бірінші рет жеңіске жетті.
"Еуропа аруы - 2024" халықаралық байқауының жеңімпазы Татарстанның тумасы Роза Гадиева болды. Финал Ливанның Бейрут қаласында өтті. 2018 жылдан бері Ресей өкілі алғаш рет байқау тәжін алды.
2024 жылы поляк моделі Кристина Пышкова Үндістанның Мумбаи қаласында өткен сұлулық байқауында жеңіске жеткеннен кейін жаңа "Әлем аруы" атанды.
Шара соңында Кристинаға бұрынғы "Әлем аруы" Каролина Белявская (суретте сол жақта) тәж кигізді.
Эллин Нгай (en Ellyn) қарсыластарын жеңіп, "Гонконг аруы - 2024" тәжін жеңіп алды.
Ресейлік модель, "Ресей аруы - 2024" байқауының жеңімпазы, Чувашиядан келген 18 жастағы студент Валентина Алексеева. Ол өзінің ұлттық киімімен қазылар алқасын таңдай қақтырды. Валентина науқас балаларға көмектесуге бағытталған қайырымдылық жобасын ұсынды.
"Гранд Танзания аруы - 2024" - Фатма Сүлейман, ол 23 жаста. Фатманың клиникалық медицина саласында білімі бар, модель және актриса болып жұмыс істейді.
"Дүниежүзі аруы Оңтүстік Корея - 2024 " аруы Ариэль Хан.
Колумбиялық модель және 2024 жылы Колумбия сеньоритасы атағын алған сұлулық байқауының жеңімпазы. Ол "Интернешнл аруы - 2025" байқауына Колумбия атынан қатысады.
"Краса Донбасса - 2024" номинациясының жеңімпазы София Греско. Биылғы жылы ДХР-да үш жылда алғаш рет сұлулық байқауы өтті.
Миале Ру - "Оңтүстік Африка аруы" байқауының жеңімпазы.
28 жастағы Миа Ру "Оңтүстік Африка аруы" атағын алған есту қабілеті нашар алғашқы әйел болды.