Жамбылдық қария аты-жөніндегі қате салдарынан зейнетақы ала алмаған

Азаматтық іс Жуалы аудандық сотында қаралды
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Еңбек кітапшасында тегі дұрыс жазылмауы салдарынан қарт адамға зейнетақы тағайындалмаған.
Сотта анықталғандай, талапкер 1985-1998 жылдары Жуалы ауданы "П" ұжымдық шаруашылығында әртүрлі мамандықтар бойынша жұмыс істеген.
Зейнетақымен қамсыздандыруға өтініш берген кезде Зейнетақы төлеу орталығы еңбек кітапшасындағы тегінің аяқ жағы дұрыс жазылмағанын айтып, талапкерге зейнетақы тағайындаудан бас тартқан.
Осыған байланысты талапкердің өз құқығын сот арқылы қорғаудан басқа амалы қалмады.
Сот істі қарау барысында оның деректері мен жоғарыда аталған ұжымдық шаруашылығында жұмыс істеген жылдары көрсетілген мұрағаттық анықтаманың болуына назар аударды.
Талап арыз қанағаттандырылды, сот еңбек кітапшасының арызданушыға тиесілі екендігін мойындады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Зейнетақы қорының қаржысы қаншаға көбейді