Тоқаев министрге АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаевқаведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.
"Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.