АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде -35 градусқа дейін аяз болады деп болжап отыр.
Атмосфералық бөліктердің өтуімен және циклонның әсерінен 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда республиканың батысында, солтүстік-батысында және шығысында қар жауады, республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар күтілуде.
Тек республиканың оңтүстігінде антициклонның екпінімен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың батысында тұман, екпінді жел, көктайғақ күтіледі.
Орталықта, республиканың шығысында түнде ауа температурасының 20-35 аязға дейін төмендеуі күтілуде, қалған аумақта температуралық көрсеткіштің күрт өзгеруі күтілмейді.