Қатонқарағай мен Зайсан әуежайлары пайдалануға қашан беріледі - министр жауап берді

Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев Қатонқарағай мен Зайсан әуежайлары қай кезде пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде ұшу-қону алаңдарының жері анықталды. Министрдің айтуынша, ұшу алаңдары үлкен болады.
“Сонда Астанадан және Алматыдан Қатонқарағай мен Зайсанға тікелей ұшуға мүмкіндік болады. Биыл жобалық-сметалық құжаттар жасалады. Ал келесі жылы құрылысын бастаймыз”,-деді Қарабаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Ал өнеркәсіпті қолдау қоры есебінен ATR маркалы ұшақтар сатып алынады.
“Келесі жылы екі әуежайдың құрылысын толығымен аяқтаймыз”, - деді Қарабаев.
Қытай жасанды аралда әлемдегі ең үлкен әуежай салады